Вадим Ульянов: Бізде болған мүміндіктерді ескерсек, жеңілмеуіміз керек еді

Вадим Ульянов: Бізде болған мүміндіктерді ескерсек, жеңілмеуіміз керек еді

«Қайрат» ФК қақпашысы Вадим Ульянов футболдан Қазақстан чемпионатының 20-шы туры аясында өткен «Ордабасыға» (1:2) қарсы матч туралы пікірін айтты.

- Бірінші кезекте стадионға қолдауға келген жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді. Олар керемет атмосфера жасады. Ойынға келер болсам, жеңіліске лайық емеспіз. Әрине, ойын сапасын жақсарта түсуіміз керек, десе де бізде болған мүміндіктерді ескерсек, жеңілмеуіміз керек еді.

Ойынға тыңнан бірінші рет қосылып отырған жоқпын, сондықтан бірден ойнау қиынға соқпады. Бірақ, өкінішке қарай, командама ұпай алуға көмектесе алмадым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0