Бокс

Головкин - «Канело» матчының тікелей трансляциясы

Головкин - «Канело» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

18 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді. Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді.

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05:00-де басталады.

Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Сонымен қатар, көрермендер «Qazaqstan.tv» қосымшасы арқылы qazaqstantv және qazsporttv.kz сайттарынан онлайн тамашалай алады.

Айта кетерлігі, «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы отандасымыз Геннадий Головкиннің жекпе-жектерінің тұрақты трансляциялайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер