Шахматшылар Румынияда өткен чемпионатта жүлделі орындарға ие болды

Шахматшылар Румынияда өткен чемпионатта жүлделі орындарға ие болды

Қазақстандық шахматшылар Румынияда өткен әлем чемпионатында 14, 16, 18 жас санаттары бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Зарина Нұрғалиева алтын медальға ие болды. 18 жасқа дейінгі категорияда Қазыбек Нөгербек күміске қол жеткізді. 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында Аңсат Алдияр қола жүлдегер атанды.

Алуа Нұрманова 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы категорияда 5-орынға ие болды. 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Лия Құрманғалиева 9-орынды еншіледі. Турнирге Қазақстаннан барлығы 21 шахматшы қатысты.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или