Бокс

Димаш Құдайберген Лас-Вегасқа ұшып барды: ол GGG - Канело жекпе-жегі алдында әнұран орындайды

Димаш Құдайберген Лас-Вегасқа ұшып барды: ол GGG - Канело жекпе-жегі алдында әнұран орындайды
17 қыркүйек күні Димаш Құдайберген GGG – Canelo жекпе-жегінің алдында әнұранымызды орындайды. Қазақстанның қос мақтанышы бір алаңда бірге өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Сол себепті Димаш Лас-Вегасқа ұшып барды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнші бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

«Салам Вегас! Мен осындамын. Қазақтың триумфы болсын», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Сонымен қатар Димаш парақшасында ұшақтан түсірілген түнгі Лас-Фегастың видеосын жариялады.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді. Ол Қазақстан уақытымен 18 қыркүйек күні таңертең болады. Жекпе-жектің басталуы шамамен Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00-ге жоспарланған.

Еліміздің бір туар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG - Canelo 3 жекпе-жегі алдында Димаш Құдайберген мемлекеттік әнұранымызды орындап, батырымызға қолдау көрсетуді жоспарлап отырғаны хабарланған еді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0