Қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева әлем чемпионатының финалына шықты

Болгария астанасы Софияда көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтуде. Қазақстандық Эльжана Таниева көпсайыстан турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жекелей сында Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы мен Эльжана Таниева өнер көрсетті. Іріктеу қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 14-орынға тұрақтады. Ол таспамен жаттығудан 26,95, ұршықпен жаттығудан 29,45, доппен жаттығудан 29,4, шығыршықпен жаттығудан 30,65 ұпай жинады.
Осылайша, Эльжана финалда өнер көрсететін 18 гимнастың қатарына еніп отыр. Ал Айбота Ертайқызы жарысты 24-орынмен тәмамдады. Іріктеу кезеңіне жалпы есебі 77 гимнаст қатысқанын еске саламыз.
Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да топтық жаттығудан Қазақстан командасы сынға түседі.