Головкин мен «Канело» көз түйістірді

Головкин мен «Канело» көз түйістірді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшылар 28 секунд көз түйістіріп тұрды. Енді былғары қолғап шеберлері жекпе-жекке бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтеді. 

Еске салайық, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қазақстандық уақытпен 18 қыркүйекте өтеді. 

Бұл боксшылардың үшінші кездесуі болатын. Алғашқы жекпе-жекте тең есеп тіркелген болатын, одан кейін Канело төрешілер шешімімен басым түскен.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или