«Ақтөбе» «Таразды» жеңіп, «алтынға» таласта «Астанадан» бес ұпай озып кетті

«Ақтөбе» «Таразды» жеңіп, «алтынға» таласта «Астанадан» бес ұпай озып кетті

Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясындағы матчта «Ақтөбе» өз алаңында «Таразбен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші тайм алаң иелерінің толық басымдылығымен өтті, бірақ гол соға алмады.

Үзілістен кейін ақтөбеліктердің шабуылшысы Сердер Сердеров командасының жеңіс голын соқты – 1:0.

Қазір «Ақтөбенің» 42 ұпайы бар және «Астанадан» бес, «Тобылдан» жеті ұпай озып көш басындағы орнын нығайта түсті.

25 ұпаймен «Тараз» турнир кестесінің сегізінші қатарында.

Ақтөбе - Тараз 1:0 (0:0)

Гол соққан: Сердеров 73 (1:0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0