Жукаев Түркиядағы турнирдің екінші айналымына өтті
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Рrosports.kz.
Ол 1/16 финалда түрік спортшысы Дженгиз Аксуды 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Отандасымыз екінші айналымда испаниялық Николас Альварес Варонамен кездеседі.
Айта кетейік, Бейбіт іріктеу кезеңінің финалында Румыния өкілі Дэн Томескуді 6:2, 7:6 есебімен сенімді жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или