Грек-рим күресі

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында қола жүлдеге таласады

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында қола жүлдеге таласады
news-banner7
mobile-news-top

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік додада 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан Айдос Алғашқы белдесуінде ол румыниялық Александру Трандафирдің осал тұсын тапса, одан кейін армениялық қарсыласын қапы қалдырды. Жартылай финалда ол қырғызстандық Жоламан Шаршенбековке жеңіліп қалды. Енді ол 3-орын үшін сайысқа түседі.

Ал Әлімхан Сыздықов (130 келі) ирандық Амин Мирзазадеге жол берді. Аталған қарсыласының финалға шығуына байланысты Әлімхан жұбаныш белдесуіне қатысуына мүмкіндік алып отыр.

Ал Диас Қален бүгін жұбаныш белдесуінде жеңіске жетсе, одан кейінгі қарсыласына есе жіберіп қойды. Осылайша дүбірлі додада жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

Ал Аяулым Қасымова (62 келі), Марина Седнева (55 келі) алғашқы кездесулерінде қарсыластарына есе жіберді.

Марина Седневаның алғашқы қарсыласы финалға шығуына байланысты енді жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алып отыр.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер