Благоевич «Астанадан» кетіп, орнына Бабаян келеді

Благоевич «Астанадан» кетіп, орнына Бабаян келеді

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич жақында қызметінен кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздегі ақпарат бойынша, оның орнына команда тізгінін отандық маман Григорий Бабаян ұстайды.

Айта кетейік, бұған дейін ЦСКА-да бас бапкердің көмекшісі болған Бабаян маусым айында қызметінен кеткен еді. Бабаян бұған дейін 2012 жылдан бастап елордалық клубтың бас бапкерінің көмекшісі болған, кейін команда бас бапкері қызметін атқарған болатын. «Астанамен» бірге бес рет Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан кубогы мен Суперкубогында топ жарған, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, Еуропа лигасының 1/16 финалына жеткен. 

Ал Срджан Благоевич елордалық команда осы маусымның басында келген еді. Команда қазір Қазақстан чемпионатында екінші орында келеді, ал Конференция кубогында іріктеуден өте алмаған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0