Қазақстандық спортшы мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

Қазақстандық спортшы мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

Атырауда аралас жекпе-жектен Mergen Fighting Championship 3 турнирінде қазақстандық Бердібек Сиражов (3-0) мен қырғызстандық Азат Кочоров (1-1) жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа жоспарланған болатын. Кочоров екінші раундта ауырту әдісі арқылы жеңіске жетті.

Осылайша Азат Кочоров кәсіпқой мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Бердібек Сиражов про-ММА-дағы алғашқы жеңіліске ұшырады.

Атақты қазақстандық файтер Қуат Хамитов (23-7-2) мен ресейлік Василий Бабинцев (6-6) Атыраудағы турнирдің басты айқасында жолығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или