Хоккей

«Айсұлудың» Еуропа хоккей лигасы мен EWHL суперкубогындағы жарыс кестесі жарияланды

«Айсұлудың» Еуропа хоккей лигасы мен EWHL суперкубогындағы жарыс кестесі жарияланды

Хоккейден әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионы алматылық «Айсұлу» кезекті рет Еуропа лига мен EWHL суперкубогына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық клубтың баспасөз қызметі команданың EWHL тұрақты маусымы мен EWHL Суперкубогындағы жарыс кестесін жариялады. 

Айта кетейік, 2021/2022 жылғы маусымда «Айсұлу» плей-офф финалында венгриялық «КФХ Будапешт» командасынан 2:4 есебімен жеңіліп, EWHL күміс жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0