Пара таэквондодан Париждегі Гран-приде Қазақстан үш медаль жеңіп алды

Франция астанасында паратаэквондодан Гран-при турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Федерация баспасөз қызметінің хабарлауынша, Парижде өткен жарыста Нұржан Есілбаевтың шәкірттері қазақстандық спортшылар бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
Нұрлан Домбаев екінші орын алса, Камила Досмолова мен Нышан Өмірәлі үздік үштікті түйіндеді.