Әлем футболы

Футболдан 2030 жылғы әлем чемпионаты Испания мен Португалияда өтуі мүмкін

Футболдан 2030 жылғы әлем чемпионаты Испания мен Португалияда өтуі мүмкін

Еуропа футбол қауымдастықтары Одағының (УЕФА) президенті Александр Чеферин 2030 жылғы әлем чемпионатын қай мемлекеттер қабылдауы мүмкін екенін айтты.

УЕФА президентінің пікірінше, 2030 жылғы әлем чемпионаты Испания мен Португалияда өтуі керек.

- 2030 жылғы әлем чемпионаты Испания мен Португалияда өтетініне сенімдімін. Бұл өтінім өте ұтымды саналады. Біз аталған екі мемлекетке көмектесу үшін барлығын істейміз. Екі ел де футболмен өмір сүреді және инфрақұрылымы жақсы дамыған, - деді Чеферин.

Айта кетелік, 2022 жылдың маусымында Испания мен Португалия бірлесіп, футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс тастаған болатын.

Түпнұсқасы: nur.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0