Тұрлыбекова: Іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтауға тырысамыз

Қазақстан әйелдер құрамасының жартылай қорғаушысы Әселхан Тұрлыбекова ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Словениямен өткен матч және Эстония командасына қарсы өтетін ойын туралы пікірін айтты, деп жазады Prosports.kz.
– Словениямен ойын өте тартысты болды. Қарсылас команданың дәрежесі мықты екеніне қарамастан, біз жақсы ойын көрсетуге тырыстық. Өкінішке қарай, өзіміз қателіктер жіберіп, екі гол өткізіп алдық. Словения – біздің топта фаворит екенін айта кету керек.
Енді алдағы Қарағандыда болатын Эстонияға қарсы матчта бар күшімізді салып, осы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтауға ниеттенеміз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или