Командалық

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Жапониядан жеңілді

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Жапониядан жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 30 тамызда баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Жапониямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жапонияның Окинавада қаласында өткен кездесуде Қазақстан құрамасы 73:48 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан ерлер құрамасы F тобында өнер көрсетіп жатыр. Мұнда Қазақстаннан бөлек, Аустралия, Иран, Жапония және Бахрейн командалары ойнайды. Қазір уақытта Қазақстан құрамасы 13 ұпаймен үшінші орында келеді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 2023 жылы 25 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында үш елде - Жапония, Филиппин және Индонезияда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер