«Ақсу» бас бапкер қызметіне неге Горовенконы таңдады?

«Ақсу» бас бапкер қызметіне неге Горовенконы таңдады?

Бейсенбі, 28 тамызда «Ақсу» футбол клубын «Атыраудың» бұрынғы бапкері Константин Горовенко жаттықтыратыны белгілі болды. Prosports.kz павлодарлық клубтың басшылығы неге мұндай таңдау жасағанын талдап, 45 жастағы маманның басты жетістіктерін саралап көрді.

«Ақсу» сырт алаңда «Ақтөбеден» жеңілгеннен кейін Руслан Костышин бапкерлік қызметтен кетті. Украиналық маман клуб басшылары күткендей жақсы нәтижеге қол жеткізе алмады. ҚПЛ дебютанты енді кейінгі жылдары максималист маман екенін дәлелдеген отандық бапкер Константин Горовенкоға сенім артқалы отыр.

Маманның қарағандылық «Шахтердегі» жұмысына назар аударайық. 2020 жылы екі турда үш ұпай ғана жинаған «Кеншілердің» тізгінін Горовенко ұстады. Ол комададағы алғашқы ойында «Ордабасыны» минималды есеппен ұтты. Маусым қорытындысында Константиннің жетекшілігімен 8 рет жеңіске жетіп, 5 мәрте жеңіліп және бес ойында тең түскен «Шахтер» турнирлік кестеде төртінші орынға ие болды. Қарағандылық клуб сол жылы Конференция лигасының іріктеуіне жолдама алғанымен, Горовенко Еурокубокта дебют жасай алмады, «Шахтер» басшылығы маманмен келісімшарт мерзімін ұзартқан жоқ.

Осыдан кейін ол «Жетісуды» жаттықтыратыны жайлы ақпарат тараған, бірақ күтпеген жерден талдықорғандық клубтың тізгінін ұстаған жоқ. 

Содан кейін Константин Александрович Бірінші лигада бақ сынайтын «Мақтааралдың» бапкері атанды. Горовенконың жетекшілігімен атакенттік команда 21 ойынның 10-ын жеңіп, жетеуінде тең ойнады және төрт рет жеңілді. Осылайша, команда Премьер-Лигаға жолдама алды. Осыған орай маманға үлкенірек клубтар назар аудара бастады және «Атырауға» шақырту алды.

Жас маман «Мұнайшыларды» бастап өз алаңында «Ордабасы» мен былтырғы чемпион «Тобылды» жеңді, оның үстіне Алматының Орталық стадионында «Қайратты» ірі есеппен ұтты. Бұл жаман нәтиже емес еді. Тіпті атыраулық клубтың жанкүйерлері команда сәтсіз өнер көрсеткен кезде де маманға қолдау көрсетіп жүрді, бірақ клубтың бас менеджері Алишер Апсалямов олардың пікіріне мүлде мән бермеген секілді. Горовенко нақты себепсіз жұмыстан шығарылды деген пікірлер бар. 

Демек «Ақсу» жаңа бас бапкер таудаудан қателескен жоқ деуге негіз бар. Команда ойыншыларына алда қандай тапсырма тұрғанын нақты жеткізе алатын, мотиватор жаттықтыр керек еді. Оның үстіне, оның жергілікті маман болғаны, чемпионатты қыр-сырын жақсы білетіні де үлкен плюс, шетелдік маман чемпионаты зерттеу білу үшін біраз уақыт қажет етеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0