Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон жекпе-жек өткізуі мүмкін

Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон жекпе-жек өткізуі мүмкін

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы жартылай орта салмақтағы UFC титулына бұрынғы үміткер Стивен Томпсон болуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Белгілі спорт сарапшысы Ариэль Хельвани осындай ақпарат таратты.

Бұған дейін Томпсон келесі жекпе-жегін 12 қарашада Нью-Йорктегі UFC 281 турнирінде Кевин Холландқа қарсы өткізетіні хабарланған, бірақ бұл ақпарат расталмады.

Айта кетейік, биыл маусым айында Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде америкалық Нил Мэгниді екінші раундта жеңді. Ал Стивен Томпсон қатарынан екі жекпе-жекте жеңіліп қплды.

Қазір Стивен Томпсон мен Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC реитингінде сәйкесінше жетінші және он бірінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или