SuperBol қатысушысы «Ақсуда» доп тебеді

SuperBol қатысушысы, қорғаушы Жақсылық Кенжебаев «Ақсу» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Біздегі мәлімет бойынша, 25 жастағы қорғаушы маусым соңына дейін павлодарлық клубта өнер көрсетеді.
Бұған дейін ол кәсіпқой деңгейде ойнамаған, тек әуесқойлар лигасында доп тепті. SuperBol-ға түскенге дейін өзі жұмыс істеген зауыт атынан бақ сынады.
Айта кетерлігі, Жақсылық осы жоба үшін жұмысын тастап кеткен.
Ол кәсіби клубпен келісімшартқа отырған жобаның үшінші түлегі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или