«Каспий» Қазақстан чемпионын қатарға қосты

«Каспий» Қазақстан чемпионын қатарға қосты

31 жастағы жартылай қорғаушы Рубен Бриджидо ақтаулық «Каспийдің» қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы клубпен еркін агент ретінде келісімшартқа отырды.

Рубен «Астанаға» ауысатыны хабарланған, бірақ елордалық клубпен келісімшарт бойынша келісе алмады.

Бұған дейін футболшы Португалия, Кипр, Румыния және Болгария чемпионатында өнер көрсеткен. 2020 жылы ойыншы «Ордабасыға» ауысып, шымкенттік клуб сапында 38 матчқа қатысты (4 гол, 2 нәтижелі пас). Одан кейін жартылай қорғаушы «Тобылға» ауысты. Қостанайлық команда сапында 36 ойынға қатысып, 1 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или