«Жекпе-жекке тура бір ай қалды»
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін уақыт жақындады, деп жазады Prosports.kz.
WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, отандасымыз Головкин кездесуге тура бір ай қалғанын еске салды.
Боксшы инстаграм парақшасында алғашқы екі жекпе-жектің үздік сәттерінен видеошолу жариялап, «Жекпе-жекке тура бір ай қалды» деп жазды.
Айта кетейік, Головкин — Альварес арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Қазақстанда 18 қыркүйек күні таңертең) өтеді. Алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегаста өткен. 2017 жылы қыркүйекте тең нәтиже тіркелді. Ал тура бір жылдан кейін өткен екінші кездесуде Альварес төрешілер шешіммен жеңіске жетті.