Еркін күрес

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Қытайды жаттықтырып жүр

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Қытайды жаттықтырып жүр
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің еркін күрестен еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қарағанды тумасы Маирбек Юсупов бүгінгі таңда Қытай құрамасымен Бакуде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Бұған дейін Маирбек Юсупов бес жыл бойы Қазақстан ұлттық құрамасы бапкер-кеңесші қызметін атқарған. Wrestdag басылымына берген сұхбатында Қытайдағы жұмысы жайлы айтып берді.

- Келісімшартқа жыл басында қол қойған едіңіздер, бірақ жұмысқа енді кірістіңіз. Бұған не себеп?

- Жағдай солай болды, екі тараптың оны түзеуге шамасы келмеді. Қазақстандағы жұмысымнан кеткен соң бірден ұсыныс түсті. Құжаттарымды реттеген соң Қытайға жолға аттанамын деген едім. Бірақ Қытай мен Ресей арасындағы әуе қатынасы тоқтап қалды. Кейін Қытайда коронавируспен ауырғандар саны күрт өсті. Барған күннің өзінде 21 күн карантинде болуым керек еді. Сондықтан Қытай құрамасы Еуропаға келгенде кездесу ең оңтайлы шешім деп түйдік.

- Командада сізді қалай қабылдады

- Өте жақсы. Мұндай 20 адамбыз – бапкерлер, қызметкерлер және 13 балуан. Барлық жігіттер ұлттық құрамаға Қытай чемпионатында іріктеліп келді. Енді Белградтағы әлем чемпионатына дайындылап жатыр. Арасында болашағынан үлкен үміт күтетін балуандар бар. Кейбіреуі Азия чемпионаты не өзге жарыстарда көзге түскен. Құрамада аудармашымыз бар. Бірақ көп жағдайда оның көмегі керек емес. Өйткені күрестің өз тілі бар.

- Әлем чемпионатына дейін Бакуде жаттығасыздар ма?

- Жоқ, 31 тамызда құрама Белградқа аттанып, қорытынды жиын өткізеді. Бірақ мен ол жаққа бара алмаймын. Жұмыс визамның уақытын ұзарту үшін Қытайға ұшамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер