«Барселона» жазда келген ойыншыларын тіркей алады

«Барселона» жазда келген ойыншыларын тіркей алады

Relevo Ла Лига каталондық клубтың төртінші экономикалық тұтқаны белсендіруін мақұлдады деп мәлімдейді.

Бұл «Барселона» жаңадан келген футболшылардың барлығын дерлік бірден тіркеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, «көк гранаттар» әлі де клубтың жалақы қорын аздап түсіру керек.

11 тамызда «Барселона» Ла Лига маусымына 17 ойыншыны тіркеді, бірақ бұл тізімге осы жазда бірде-бір жаңа ойыншы кірмеді.

Каталондықтар 2022 жылдың жазғы маусымаралық маусымында Роберт Левандовски, Франк Кессье, Жюль Кунде, Рафинья Диас және Андреас Кристенсенмен келісімшартқа отырды.

Сенбі, 13 тамызда «Барселона» Испания чемпионатының 1-туры аясындағы ойында «Райо Вальекано» командасын қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или