Зульфия Чиншанло Ислам ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло 5-ші Ислам ынтымақтастығы ойындарының жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Елімізге танымал ауыр атлеттердің бірі Зульфия Чиншанло Ислам ойындарының чемпионы атанды.
Елена Шалыгинаның әйелдер күресінен (65 келі, алтын медаль) жеңісінен кейін бірден дерлік 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі зілтеміршіміз Чиншанло түрік жерінде барлығы 220 келіні (95-125) көтерді.
Айта кетейік, Зульфия 130 келіде үшінші мүмкіндігін жүзеге асыра алмады, бірақ соған қарамастан оның ең жақын қарсыласы Нигериядан 18 келі артық көтерді Жарыстың барлық «кіші» медальдары да оның қолында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или