«Төрешінің жұмысына баға беру менің міндетім емес». Иссам Шабаке «Қызыл-Жарға» қарсы ойынға қатысты пікір білдірді
Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Марокко құрамасы және АПОЭЛ қорғаушысы Иссам Шабаке Конференция лигасында «Қызылжарға» қарсы өткен екі ойынның қорытындысы туралы өз әсерімен бөлісті.
- «Қызылжарға» қарсы ойынға баға берсеңіз.
- Ойын өте қиын болды, алаңның әр бөлігіне тактикалық тұрғыдан мінсіз әрекет еткен қарсыласпен тартыс болды. Бірақ біз келесі кезеңге жолдама ала алдық.
– Стадионның жасанды жабынының сапасы қалай?
- Мен үшін бәрі жақсы, өйткені бұрын осы жердегідей алаңда ойнағанмын.
- Стадионның атмосферасы туралы не айта аласыз?
- Стадион өте әдемі және үлкен, менің ойымша, егер лық толса, мұнда ойнау тіпті керемет болар еді.
– «Қызыл-Жардың» көптеген жанкүйерлері төреші қарсыласқа көмектесті деген пікірде. Сіз мұнымен келісесіз бе?
– Бұл менің жұмысым емес болғандықтан, төрешілікке қатысты пікір білдірмеймін. Менің ойымша, бәрі әділ болды, ешқандай бұра тарту болмады.