Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 4-орында келеді

Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия біріншілігінде екінші жарыс күнінен кейін ел құрамасы жалпы командалық есепте қай орында келе жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазіргі дейін қазақстандық спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алды. Нәтижесінде олар жалпы командалық есепте төртінші орында тұр.
Ел құрамасынан Данияр Шамшаев (73 келі) алтын, Абиба Абужакынова (48 келі) күміс, Мағжан Шәмшадин пен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола медаль алды.
Бұл бойынша Жапония 8 (5-3-0) медальмен бірінші орында келеді. Одан кейінгі орындардағы Моңғолияның 5 (2-0-3), Өзбекстанның 7 (1-2-4) медалі бар.
Айта кетерлігі, екінші жарыс күніндегі нәтиже бойынша барлығы тоғыз елден балуандар жүлдеге қол жеткізді. Олардың қатарына аталған құрамалардан өзге Оңтүстік Корея, Қытай, Тәжікстан, Тайвань, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірлігі спортшылары енгізілген.
Айта кетейік, құрлықтық дода 7 тамыз күні мәресіне жетеді. Жекелей сынның соңғы жарыс күнінде ерлер арасында 90, 100 және 100-ден жоғары салмақтағы балуандар, әйелдер арасында 78 және 78 келіден жоғары салмақтағы спортшылар белдеседі.
Аталған додада Азияның 19 елінен келген 200-ден астам балуан 14 салмақта бақ сынауда. Олардың қатарында еліміздің атынан 18 балуан қатысып жатыр.