OCTAGON 34 турнирінің өтетін күні жарияланды

OCTAGON 34 турнирінің өтетін күні жарияланды

OCTAGON лигасының келесі O34 турнирінің өтетін күні жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 тамызда Алматыда OCTAGON лигасының 34-ші ивенті өтеді.

Турнирде танымал Камариддин «Камиль каратэ» Хасанов, қырғызстандық Нұрбек Болотбеков (7-2), өзбекстандық Хикматилло Абдулаев (9-1-2), ұйым чемпионы Дамир Төленов (7-0) және басқа да файтерлер өнер көрсетеді. Турнирдің толық карды, сонымен қатар кештің басты жекпе-жегі жақын арада жарияланады.

Еске салайық, 29 шілдеде OCTAGON 33 турнирі өтті. Бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова бірінші раундта Ресей чемпионы Карина Оңдасынованы (2:1) жеңген болатын. Кештің басты жекпе-жегінде Мәжит Сардаров (5-0) Нұрбек Тәжібаевты (5-2) төрешілердің шешімімен жеңіп, жеңіл салмақтағы ұйымның бос чемпиондық белбеуін жеңіп иеленді.

<h4>Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или