Ғұсман Қырғызбаев Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі

Ғұсман Қырғызбаев Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі

66 келіде күш сынасқан отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш финалында қырғызстандық Қуанычбек Айбек Уулумен кездеседі.

Бұл салмақтың алтынын монғолиялық Ёндонпэрэнлэйн Басху мен жапониялық Танака Рёма сарапқа салады. Ал екінші қола жүлде үшін Монғолия елінің намысын қорғаған Баттоғтох Ерхембаяр мен өзбекстандық Мухриддин Тиловов күреседі.

Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады. Дзюдодан Азия чемпионаты отандық «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или