«Aqtobe City» техникалық жеңіліс есептелді. Клуб чемпионатты жалғастырудан бас тартуы мүмкін

«Aqtobe City» техникалық жеңіліс есептелді. Клуб чемпионатты жалғастырудан бас тартуы мүмкін

ҚКФЛ «Aqtobe City» командасы «Каспий Жастарына» қарсы сырт алаңдағы матчқа келмегені үшін техникалық жеңіс берді.  

«Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен Екінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігі 12-турының «Каспий Ж» - «Aqtobe City» ойынына «Aqtobe City» командасының келмеуіне байланысты Тәртіптік Регламенттің 25-бабына сәйкес ақтөбелік командаға 0:3 есебімен техникалық жеңіліс есептелді», - делінген мәлімдемеде.

«СпортРадар.kz» телеграм-каналының мәліметінше, Екінші лигада бақ сынайтын «Aqtobe City» командасы жабылудың алдында тұр. Клуб қаржылық қиындықтарға тап болды. Команда ойыншылары мен жаттықтырушылары бірнеше айдан бері жалақысын алмаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или