Басқа

Қазақстан ерлер құрамасы шахмат олимпиадасында бесінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан ерлер құрамасы шахмат олимпиадасында бесінші жеңісіне қол жеткізді

Ченнай қаласында (Үндістан) өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының алтыншы айналымында Қазақстан ерлер құрамасы Чехияны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазыбек Нөгербек пен Арыстанбек Уразаевтың ойындары жеңіспен аяқталса, Ринат Жұмабаев ойынды тең есеппен аяқтады.

Әлішер Сүлейменов жалғыз жеңіліске ұшырады.

Матч ұпайы 2,5-1,5.

Еске сала кетейік, бесінші турда біздің ерлер құрамасы Латвия өкілдерімен ойнаған болатын. Қорытынды есеп 0:4 қазақстандықтардың пайдасына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0