Бокс

Бокстан Олимпиада чемпионы спорт министріне үндеу жолдады

Бокстан Олимпиада чемпионы спорт министріне үндеу жолдады

Бокстан 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында спорт министрі Дәурен Абаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері, жаңа министр тағайындалғаннан бастап, мен табалдырық тоздырып, спортшылардың өмір бойғы төлемі мәселесін көтердім. Наурыз айында ресми тұлғалар ол 100 АЕК-ке (306 300 теңге) дейін көтерілетінін айтты», - деп жазды ол.

Спортшының айтуынша, өткен айда министр де осылай деген. «Спорт майталмандары мемлекет оларға назар аударғанына көз жеткізді. Тіпті денсаулығын қалпына келтіру жоспарын құра бастады», - деп жазды спортшы.

Ол спортшылар шілде бойы өздерінің шоттарын тексеріп, осы ақшаны күткенін жеткізді. Бірақ шілде айында 100 АЕК емес, тіпті бұған дейінгі 25 АЕК (76 575) те түспеген.

«Міне, тамыз айының басында спорт ардагерлерінің шоттарына ешқандай түсіндірмесіз 50 АЕК-тен (153 150) түсті. Бәрі министр уәде еткен 100 АЕК қайда? деп менен сұрай бастады», - дейді Сәрсекбаев.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, жарлық тек 20 шілдеде күшіне енген. «Ақша қайда, Абаев мырза? Неліктен спорт пен спортшылар зардап шегеді? Біз тағы да үнемдейміз бе? Уәде етілген 100 АЕК қайда, төлемді ұйымдастыруға уақыт жетпеді ме?», - дейді спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0