Еркебұлан Сейдахмет үш жылдан бергі алғашқы голы туралы пікірін айтты

«Қайрат» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан кубогындағы «Ақсуға» (1:1) қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі алматылық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көрермендер үшін матч өте қызық болды деп ойлаймын. «Ақсу» - құрамында мықты ойыншылары бар жақсы команда.
Дәл осы ойында биылғы маусымдағы дебют голымды соққаным үшін қуаныштымын. Бұл гол өз күшіме деген сенімділікті, негізгі құрамдағы орын үшін күресуге көбірек мотивация береді», - деді Сейдахмет.
Сейдахмет клуб сапында кейінгі рет 2019 жылы шілдеде «Тобыл» қақпасына гол соққан болатын.