ГЛАВНАЯ
«Азия балаларында» таеквондошылар 4 медаль алды
«Азия балаларында» таеквондошылар 4 медаль алды

Қазақстандық таеквондошылар үшін Владивостоктағы «Азия балалары» турнирі аяқталды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Жарыстың екінші күнінде 73 кг өкілі Елнұр Мұратхан командаға қола жүлде сыйлады. Бұл командамыз үшін турнирдегі төртінші медаль.
Алдымен 63 кг салмақта Дария Манасқызы чемпион атанса, Абдулла Әбілқасым (63 кг) мен Аяжан Сапархан (55 кг) қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасы сапында алты таеквондошы өнер көрсетті.
Төрт жылда бір өтетін «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарында 1355 өрен 19 спорт түрінен 273 медаль жиынтығын сарапқа салуда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или