Командалық

Рустам Мырзағалиев: Ғажайыптарға сенбеймін

Рустам Мырзағалиев: Ғажайыптарға сенбеймін
news-banner7
mobile-news-top

Әдетте спорттағы ырымдар жас спортшы жарыстарға алғаш рет шыққанда қалыптасады. Кейде таңертеңгі істің белгілі бір тәртібі не диета дәстүрлі іске айналады. Көбінесе киімдердің дәйектілігі ерекше маңызды: алдымен оң аяқ киімді, содан кейін сол жағын кию деген секілді. Белгілі бір әндер қажет ырғақты орнатады.

ҚБФ баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының капитанынан баскетбол белгілері туралы сұрады. Алайда Рүстем Мырзағалиевтің айтуынша, ол ырымдарға сенбейді. Алайда ойынға аяқ баспас бұрын істейтін бірқатар әдеті бар. Кейбір жаттығуларды бірнеше рет қайталайтынын айтады. Бұл оған матч кезінде күш-қуат береді.

"Мен залға бара жатқанда, өзімнің жаттығуларымды жасауға кірісемін. Сонымен қатар, бізде командалық жаттығу бар, бұған дейін мен дененің барлық бөліктеріне арналған өзімнің жеке жаттығуларымды бірнеше рет қайталаймын. Доп лақтыру техникасын қайталаймын. Бұл жаттығуларды мен үшін рәсім ретінде қалыптасты"

- Атақты баскетболшы Майкл Джордан өзінің санына үлкен мән берді, айтыңызшы, сіз бұған ерекше назар аударасыз ба? Сіз оныншы нөмірмен қанша жыл өнер көрсетудесіз? Бұл сан сізге жеңіс әкеледі деп ойлайсыз ба?

- Ия, шынымен Джордан санға көп мән берген. 10 жыл бойы мен 10 нөмірдегі ойыншы ретінде өнер көрсетіп келем. «Осы жылдың жаңа маусымынан бастап жаңа нөмірмен ойнаймын», - деп ресми түрде айтқым келеді. Өзгеріс қажет болып тұр. Бұл тек "Астана" БК-не қатысты қатысты, ал Қазақстан құрамасы сапында сол санмен жүремін.

- Белгілер қаншалықты жиі жұмыс істейді? Олар сәттілік әкеледі ме, әлде бұл миф пе?

- Өз бетімше жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Мен ғажайыптарға аса сенбеймін. Ырымдарқа назарымды аудармаймын. Алайда командада бізде өз әдет-ғұрыптары мен сенімдер бар. Ойын алдында, шешінетін бөлмеде жаттықтырушы соңғы нұсқаулар берген соң, біз бір -бірімізге бес береміз. Әрі қарай алаңда біз шеңберге жиналып, бір-бірімізге бірнеше мотивациялық сөздерді айтамыз. Міндетті түрде: «1-2-3 Қазақстан! - деп айқайлаймыз".

- Баскетболшылардың чемпионатта жеңіске жеткеннен кейін торды кесу сияқты белгісі бар, айтыңызшы, сіз капитан ретінде бұл ырымшылдықты орындадыңыз ба?

- Ия, бұл ырымға сенетін көптеген командалар бар. Бұл топ чемпионатты жеңген кезде болады. Мұны команда капитаны жасауы керек, бірақ мен торды қашан кескенім есімде жоқ. Өйткені бұл туралы әрқашан ұмытып кетем. Біздің командада әдетте жас және жеңіл ойыншы торды кеседі. Себебі оны көтеру оңай. Негізінен, ең үлкен ойыншылар кішісін мойнына отырғызып, ойыншы торды кеседі. Содан кейін бұл тор естелік пен олжа ретінде қалады".

Түпнұсқасы: nbf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер