Тағыберген «Зриньскиге» қарсы матч алдында пікір білдірді

Тағыберген «Зриньскиге» қарсы матч алдында пікір білдірді

«Тобыл» капитаны Асхат Тағыберген Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы «Зриньскиге» қарсы матч алдында пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– «Зриньски» Босния және Герцеговинаның ең мықты клубтарының бірі. Клуб өткен маусымды өте керемет өткізді. Әрине, оларға қарсы ойнау қиынға түсетіні анық, құрамында жоғары жеңгейдегі футболшылар бар. «Зриньски» агрессивті футболға жақын және қарсыласқа бірінші минуттан қысым көрсете алады.

Бірақ бізді өз ойынымыз көбірек қызықтырады. Сол себепті барлығына 100% дайын болуымыз керек. Сонда ғана жеңіске жете аламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0