Африкалық жартылай қорғаушы «Ақсу» сапынан кетті

Африкалық жартылай қорғаушы «Ақсу» сапынан кетті

33 жастағы жартылай қорғаушы Май Махлангу павлодарлық клуб сапынан кетті.

Prosports.kz мәліметінше, ойыншы мен клуб келісімшартты бұзуға келіскен.

Махлангу осы маусымда Премьер-лигада 3 ойынға қатысып, гол соққан жоқ.

Еске салайық, «Ақсуға» дейін жартылай қорғаушы Болгария, Бельгия, Түркия, Швеция және Румыния чемпионаттарының бірқатар клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Қазақстанда ол «Ордабасы» сапында ойнап, 58 ойында, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0