Егор Петухов «Барыс» ойыншысы атанды

Егор Петухов «Барыс» ойыншысы атанды

«Барыс» хоккей клубы Егор Петуховпен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі жақты келісім бір маусымға жасалған (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).

Петухов «Барыс» жүйесінің командаларында 2015 жылдан бері өнер көрсетуде. Өткен маусымда Қазақстан құрамасының шабуылшысы ҚХЛ-да 44 ойын өткізіп, нәтижелілігі үшін 7 (4+3) ұпай жинады. Элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Егор 7 ойынға қатысып, өз еншісіне 3 (2+1) ұпай жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или