Конференция лигасы: Қарымта кездесулердің тікелей трансляциясы

<span>28 шілдеде «Астана», «Қайрат» және «Қызыл-Жар» УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта кездесулерін өткізеді, деп жазады </span>Prosports.kz.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де «Астана Аренада» жергілікті «Астана» мен польшалық «Ракув» кездеседі. Алғашқы ойында 5:0 есебімен жеңіске жеткен польшалық командаға қарсы Қазақстанның алты жүркін чемпионы қандай тосынсый дайындап отырғаны қызық.
<span>Ал венгриялық «Кишварда» мен алматылық «Қайрат» арасындағы матч елорда уақытымен 22:00-де басталады. «Қайрат» бір апта бұрын өз алаңында 0:1 есебімен жеңілген.</span>
<span>Петропавлдық «Қызыл-Жар» Хорватияда жергілікті «Осиекпен» жолығады. Бұл матч сағат 0:30-ға жоспарланған. Нұр-Сұлтанда өткен бірінші ойында Али Алиев шәкірттері 1:2 есебімен жеңілді. </span>
Аталған үш матчты да QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.