Хоккей

2023 жылғы әлем чемпионаты Финляндия мен Латвияда өтеді

2023 жылғы әлем чемпионаты Финляндия мен Латвияда өтеді

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионаты екі елде – Финляндия мен Латвияда өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz .

Турнир Финляндияның Тампере қаласында және Латвияның астанасы Ригада өтеді және оған Қазақстан құрамасы да қатысады.

Финляндия мен Латвияның бірлескен өтінімі Венгрия мен Словения 2023 жылғы әлем чемпионатын өткізуден бас тартқаннан кейінгі жалғыз өтініш болды.

Еске салайық, 2023 жылғы әлем чемпионатын Ресей қабылдауы тиіс болатын. Жарыс 5-21 мамыр аралығында Санкт-Петербургте өтеді деп жоспарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0