Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Римде өтіп жатқан грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Арсен Жұма Қазақстан құрамасының қоржына алғашқы жүлде салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Арсен 48 келі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Іріктеу кезеңінде венгриялық Левенте Фигеді 9:0 есебімен ұтқан Жұма ширек финалда түрік Үміт Алташқа (9:0) еш мүмкіндік қалдырған жоқ.

Жартылай финалда болашақ әлем чемпионы ирандық Әли Абдулла Ахмадиден 0:7 есебімен ұтылып, қола жүлде үшін белдесуде армениялық Тигран Галстянды (5:3) жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или