Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав карьерасын отанында жалғастырады

Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав карьерасын отанында жалғастырады

Мәскеулік ЦСКА мен алматылық «Қайрат» клубтарында өнер көрсеткен 38 жастағы бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав карьерасын отанында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Фабио Алейсо Tвиттерде хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, бразилиялық клубтардың бірі осы аптаның соңына дейін Вагнермен келісімшарт жасасқанын жариялайды. Бұл ретте футболшының өзі Ресей Премьер-лигасында команда таақысы келген, бірақ лайықты нұсқаны таба алмаған.

Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарынан бастап Вагнер Лав Данияда «Мидтьюлланд» сапында 10 матч өткізіп, бір гол және бір нәтижелі пас берген. 1 шілдеде шабуылшы еркін агент атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0