Нұр-Сұлтанда дзюдодан Азия чемпионаты өтеді

4-7 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді.
Төрт күнге жалғасатын құрлықтық додада татами шеберлері жекелей және аралас-командалық жарыс бойынша өзара мықтыны анықтайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілетін жарысқа Азияның 30 елінен 400-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланып отыр
Айта кетерлігі, IJF ережесі бойынша, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Олимпиадалық рейтингте ұпай сандары қосылады. Атап айтқанда, жеңімпаз 700 ұпайды еншілесе, 2 орын иегері 490, ал 3 орынға 350 ұпайдан үлестіріледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или