«Тобыл» ойыншылары Гибралтар аумағына кіре алмай отыр

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, қостанайлық «Тобыл» Гибралтар мен Испания шекарасында бірнеше сағаттан бері отыр.
Гибралтар шекарашылары беймәлім «жоғарыдан келген жарлыққа» сай қостанайлық делегацияның Ұлыбританияның теңіз жағалауындағы осы аумаққа кіруге құқығы жоқ екенін мәлімдеді.
«Тобылдың» барлық ойыншы, бапкер және бірге жүрген адамдардың визасы мен төлқұжат белгіленген тәртіпке сай келеді. Қазір клуб басшылығы команданың 26 шілдеге жоспарланған «Линкольнге» қарсы матч (Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны) өтетін қалаға уақытында жетуі үшін күш салып жатыр. УЕФА делегаты, ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабар берілді, бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы да өз тарапынан жұмыс істеп жатыр.
Жақында, 12 шілдеде македониялық «Шкупи» Гибралтарда өнер көрсетті, ол команданың ойыншыларынан шекарадан өткенде британиялық виза да сұралған жоқ.