Криштиану Роналду басқа клубқа жалға берілуі мүмкін

Криштиану Роналду басқа клубқа жалға берілуі мүмкін

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду басқа клубқа жалға берілуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі The Mirror басылымына сілтеме жасап.

«Манчестер Юнайтед» басшылығы 37 жастағы португалиялық ойыншыны сатқысы келмейді. Оның орнына англиялық клуб Роналдумен келісімшартты 2024 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін пайдалануды жоспарлап отыр, содан кейін ол 2022/23 маусымының соңына дейін жалға беріледі.

«Манчестер Юнайтед» келесі маусымның соңында Чемпиондар лигасына шыға аламыз деп есептейді. Клубтың негізгі еуропалық турнирге кіре алмауы Роналдуды кету туралы ойға келуге мәжбүр етті.

Өткен маусымда 24 гол соққан шабуылшы «Атлетико Мадридке» ауысуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0