ГЛАВНАЯ
Ұлттық спорт
Қазақстандық кадеттер Сауд арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесіп әлем чемпионатына дайындық жүргізіп жатыр
Қазақстандық кадеттер Сауд арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесіп әлем чемпионатына дайындық жүргізіп жатыр

Қазақстанның таеквондо командасы (кадеттер) Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері спортшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем чемпионатына дайындық жүріп жатқан Алматыға Сауд Арабиясынан 16 таеквондошы, және Біріккен Араб Әмірліктерінен сегіз спортшы келді.
Дзюдо Академиясында бірлескен жаттығулар 24 шілдеге дейін жалғасады. Кейінірек, 25 шілдеде таэквондошылар әлем чемпионатына аттанады.
Естеріңізге сала кетейік, Әлем біріншілігі 28-31 шілде аралығында Софияда (Болгария) өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или