«Қазақстан өте әдемі ел, мен мұнда оралуға қарсы емеспін». Михрет Топчагич - «Қызыл-Жарға» қарсы ойын және карьерасының қазақстандағы кезеңі туралы

«Қазақстан өте әдемі ел, мен мұнда оралуға қарсы емеспін». Михрет Топчагич - «Қызыл-Жарға» қарсы ойын және карьерасының қазақстандағы кезеңі туралы

Хорватиялық «Осиек» командасының австриялық шабуылшысы Михрет Топчагич Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында «Қызыл-Жарға» қарсы өткен матч, қарсыластың деңгейі мен қарымта ойынға болжамын бөлісті.

Михрет, бүгінгі кездесу туралы пікіріңізді айтыңызшы.

Ойын оңай болған жоқ, өйткені олардың сапында деңгейі жоғары ойыншылар бар. Бірінші таймда шабуыл жасап, жақсы мүмкіндіктерге ие болдық. Бір сөзбен айтқанда, ойын өте жақсы өтті, біз лайықты жеңіске жеттік.

«Қызыл-Жардың» деңгейін бағалаңызшы. Сіз Қазақстанда ойнаған кезден олар өзгерді ме?

Білмеймін, өйткені ол кезде «Қызыл-Жар» бірінші лигада ойнайтын. Ойын басталар алдында Михаил Габышев пен Андрей Финонченкомен ақылдасып едім, олар «Қызыл-Жардың» мықты команда екенін айтты. Мен өзім Қазақстан чемпионатын жақсы білемін, ал қарсыластың жоғары позицияны иеленуі қазірдің өзінде көп нәрсені аңғартады.

– Хорватиядағы қарымта ойынға болжамыңызбен бөліссеңіз.

– Ең алдымен, жексенбі күні бізді Загребтің «Локомотив» командасына қарсы маңызды ойын күтіп тұр, содан кейін қарымта матчқа дайындықты бастаймыз. Жеңіске жету үшін бар күш-жігерімізді салатынымызға сенімдімін.

– Автогол туралы айтып беріңізші. Қақпашы қобалжып қалды ма?

– Жоқ, шындығында ол жас әрі жоғары деңгейдегі ойыншы. Жарайды, әркім жас кезінде қателеседі.

– Карьераңыздың Қазақстандағы кезеңіңізге тоқталсақ. Бес жылдан кейін Қазақстанға оралғандағы эмоцияларыңызбен бөліссеңіз.

– Қарағандыда өткен екі жыл керемет болды, ел де өте әдемі. Елорда да өзгерді, қала жаңарған.

– Бұған дейін литвалық «Судувада» қазақстандық маман Владимир Чебуриннің жетекшілігімен ойнадыңыз. Осы ойын алдында одан қандай да бір кеңес сұрадыңыз ба?

– Мен онымен бірнеше күн бұрын сөйлесіп, жеңісімен құттықтадым, бірақ Қызылжар туралы сұрамадым.

«Шахтер» ойындарын бақылайсыз ба?

– Бақылаймын деп айта алмаймын, бірақ мен оларға әлеуметтік желілерде жазылдым. Муртазаев гол соғатынын білемін. Сондай-ақ, сол кезде бірге ойнаған Сергей Малыймен байланыстамын.

– Қазақстанға оралу ойыңызда бар ма?

– Шынымды айтсам, мен қарсы емеспін. Мен бұл елді жақсы көремін және мұнда менің көптеген достарым мен таныстарым бар.

Фото ашық дереккөздерден

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или