«Қайрат» өз алаңында «Кишвардадан» жеңіліп қалды

«Қайрат» өз алаңында «Кишвардадан» жеңіліп қалды

Конференциялар лигасының 2-іріктеу кезеңіндегі матчта «Қайрат» өз алаңында венгриялық «Кишвардадан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz

Алматылық команда ойынның басым бөлігінде допқа иелік еткенімен, гол соға алмады. Матч венгриялықтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. 

Енді қарымта кездесу 28 шілдеде Кишвардада өтеді. 

Конференциялар лигасы.

2-іріктеу кезең. 1-матч.

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - «Кишварда» (Кишварда, Венгрия) 0:1 (0:0)

Гол: Джасир Асани 

21 шілде. Алматы. «Орталық» стадион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0