Қазақстандық теннисші Президент кубогының жартылай финалына шықты

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Президент кубогы аясында өтіп жатқан челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Г.Ломакин Президент кубогының өткен жылғы чемпионы, зимбабвелік Бенджамин Люкпен бірге ширек финалда қазақстандық Денис Евсеев - Беларусь өкілі Иван Лютаревичпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-зимбабвелік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев ресейлік Ян Бондаревичпен бірге тартысты матчта ресейліктер Евгений Донской - Алибек Качмазовқа есе жіберді - 7:5, 3:6, 7:10.
Дмитрий Попко израильдік Даниэль Цукерманмен бірге оңтүстіккореялықтар Джи Сун Нам - Мин Кю Сонгтан ұтылды - 6:3, 3:6, 7:10.
Әйелдер арасында Жібек Құламбаева ресейлік Екатерина Казионовамен бірге ресейліктер Екатерина Маклакова - Александра Поспелованы жеңе алмады - 1:6, 4:6.
Гөзал Айнитдинова Беларусь өкілі Анна Кубаревамен бірге жапониялықтар Момоко Кобори - Моюка Учиджимаға жол берді - 4:6, 3:6.