«Тобыл» португалиялық ойыншымен қоштасты

Португалиялық жартылай қорғаушы Рубен Бриджидо «Тобылдан» кетті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz
Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Рубен Бриджидо «Тобыл» сапына 2021 жылы қосылды. Ол клуб сапында 36 матчқа қатысып, 1 гол соқты.
«Тобыл» футбол клубының ұжымы Рубенге атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында сәттілік тілейді», - деп жазды клуб.
Айта кетейік, Рубен Бриджидо «Тобылға» былтыр «Ордабасыдан» ауысып келген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или