WBO Әлімханұлы — Андраде жекпе-жегін өткізуді міндеттеді

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андрадені (31-0, 19 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (12-0, 8 КО) қарсы белбеуін қорғауға міндетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшылардың командасына жекпе-жек өткізуге келісу үшін 30 күн берілді, әйтпесе промоутерлік сауда белгіленеді.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы, ал Деметриус Андраде толық белбеу иегері. Мамырда Әлімханұлы британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутпен жеңіп, уақытша титулға ие болған.
Қазақстандық боксшының командасы ұйым шешіміне қатысты мәлімдеме жасады.
- WBO шешімі шықты. Андрадемен келіссөзге 30 күн уақыт берді. Күтейік, олар не дейді екен! Біз дайынбыз! Ескі оқиға жаңа датамен қайта басталды, - деп жазды инстаграм желісінде.